Менің қаржым қалай жұмыс жасайды

Жинақтаушы Зейнетақы жүйесінде қаржы жолы келесідей болып табылады:

Салымшы жарнаны ЗТМО арқылы өз зейнетақы шотына салады.

Зейнетақы қоры барлық шоттардағы қаржыны жинап алып әртүрлі құнды қағаздарға немесе басқа да қаржылық құралдарға инвестициялайды. Бұл іс кастодиан банкі арқылы жүзеге асады.

Одан әрі орналастырылған қаржы не табыс әкеледі, не шығынға ұшырайды. Табыс/шығын барлық құралдар бойынша қосылады да күнделікті салымшылардың шоттарына үлестіріледі, комиссия мөлшері 15% құрайды, бұл сомма зейнетақы қорының жеке табысы болып саналады.

Жинақталған инфляция деңгейін онымен қоса салымшының барлық жарналарын төлеуді мемлекет өз мойнына алады.