ҚР Зейнетақы жүйесі

Зейнетақы жүйесі дегеніміз не?

 1. Ортақ жүйе

Базалық зейнетақы
Еңбек өтіліне қарамастан барлығына бірдей төленеді

Еңбек стажы
Еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетке шығу уақытында алты айдан кем болмаған адамдарға

 2. Жинақтаушы жүйе

Міндетті жарналар
Ай сайынғы табыстан зейнетақы аударымдарының белгіленген 10-пайыздық мөлшері бар міндетті аударымдар

Ерікті жарналар
Ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақталған қаражат

Әлемде әлеуметтік зейнетақымен қамтамасыз етудің екі жүйесі бар – ортақ және жинақтаушы.
Әр жүйенің өзінің артықшылығы және кемшілігі бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, зейнеткерлерді барынша қорғауға мүмкіндік беретін көп деңгейлі жүйені пайдаланатын елдер оң нәтижеге қол жеткізді.

Зейнетақы жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Ортақ жүйе

Артықшылықтар
- зейнетақыны мемлекет төлейді
- кірісі аз адамдардың тұрақтылығы (қорғалуы)

Кемшіліктер
- зейнетақының ең жоғары мөлшері бойынша шектеу
- демографиялық тәуекелдер (жұмыс істейтін халық пен зейнеткерлер арасында баланстың бұзылуы әлеуметтік салықтардың көбеюіне алып келеді)
- зейнетақыны ресімдеудің күрделі жүйесі

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Артықшылықтар
- салымшы кірісінің деңгейіне зейнетақы мөлшерінің тікелей тәуелділігі
- мзж мемлекет кепілдігі
- жинақталған зейнетақы қаражатын мұраға қалдыру
- инвестициялық кіріс есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын ұлғайту
- мультиқоржындар жүйесінің көмегімен жинақталған зейнетақы қаражатын басқару мүмкіндігі (заңнамамен 2015 жылдан бастап белгіленген шектеулерді ескере отырып)

Кемшіліктер
- Инвестициялық кірістің мөлшеріне қор нарығының ықпалы
- ерікті зейнетақы аударымдарының жүйесі дамыған жоқ
- мзж сомасының  жалақы мөлшеріне тәуелдігі

“Зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заң 01.01.1998 ж.  Күшіне енген соң әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне  реформа жүргізілді.