Мультиқоржын
Мультипортфель дегеніміз не? Мультипортфельдер неден құралған? Мультипортфельді таңдау. |
Зейнетақы қорларының салымшылары үшін өз жинақталған зейнетақы қаражатын басқарудың инвестициялық стратегиясын өз бетінше анықтауға мүмкіндік туады. Заңнамаға сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін инвестициялық басқару үшін мультипортфельдер жүйесін енгізуге міндетті.
Демек, қор зейнетақы активтерін басқару үшін бірнеше, яғни сақтанымпаз, біркелкі және агрессивті инвестициялық стратегияларды пайдаланады.
01.01.2012 жылдан бастап жүйе қатысушыларының жинақталған зейнетақы қаражаты ҚР заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, біркелкі және сақтанымпаз инвестициялық портфельдерге аударылды.
2015 жылдан бастап («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына сәйкес) портфельдің үшінші түрі – агрессивті портфельді енгізу жоспарланып отыр, ал салымшыларға инвестициялық портфельдерді өздігінен таңдау құқығы беріледі (жас бойынша шектеулер бар).
