Қор туралы
Қазақстанның ең ірі зейнетақы қоры – Халық Банкі ЖЗҚ-ның 1998 жылы ақпанда негізі қаланды. «Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ зейнетақы жарналарын тарту бойынша, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар нарығында инвестициялау жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Зейнетақы қорының сауатты инвестициялық саясатты жүргізу арқылы инвест-кіріс бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген қаржыгер-инвесторлардың кәсіби командасы бар. Қордың сайтында инвестициялық портфель ашық және әрқашан қол жетімді www.halykfund.kz. Халық Банкінің зейнетақы қорында РА Сараптамасы рейтингтік агенттіктің шәкілі бойынша ең жоғары А++ рейтинг (тек қана сенімділіктің деңгейі жоғары-ең жоғары). Қордың еліміздің зейнетақы қорларының арасында ең ірі, серпінді дамитын клиенттік базасы бар. Халық Банкінің ЖЗҚ салымшыларының саны 2010 жылы 2 000 000 адамнан артты, бұл Қазақстанның барлық салымшыларының 25 пайыздан астамын құрайды, ал Қор Қазақстанның ЖЗЖ барлық зейнетақы жарналары нарығының 32 пайыздан астам үлесін қамтып отыр. Қор қызмет көрсету сапасын жақсартумен белсенді жұмыс істейді, салымшыларға қолайлы болу үшін арнаулы ақпараттық қызмет көрсетулерді дамытады. Қордың дамыған өңірлік желілері бар, 18 филиалы және Қордың диструбутивтік желісінің 200 бірлігі бар.
Қор мыналарды ұсынады:
Салымшыларға:
1) міндетті және ерікті зейнетақы жарналарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында «мобильдік агент» қызмет көрсетуі бойынша шарт жасауды;
2) Қордың сайты арқылы әлемнің кез келген жерінде, сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ банкомат желілері арқылы жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты алуды;
3) почта немесе электрондық адрес бойынша зейнетақы шотынан үзінді жазбаны алуға;
4) Halyk Fly дисконт-клубына қатысуға: Қазақстанның аумағында сауда және қызмет көрсететін 500-дей кәсіпорындарында жеңілдік алуға;
5) SMS-банкинг арқылы жарналардың түсімі туралы хабарламаны алуды;
6) Halyk Group компанияларынан жеңілдік берілген қызмет көрсетулерді пайдалануға;
7) зейнетақымен қамсыздандырумен байланысты даулы жағдайлар туындаған кезде кәсіби заңдық қолдау алуға;
Ұйымдарға:
1) зейнетақы жүйесі бойынша, оның ішінде төлем құжаттарын қалыптастыру бойынша кеңес пен практикалық көмек алуға;
2) филиалда қаржылық және инвестициялық сауаттылықты арттыру мақсатында компания қызметкерлері үшін тұсаукесерлерге тапсырыс беру, шалғай жерлерге, вахталық кенттерге бару мүмкіндігі;
3) аударым жасалған зейнетақы жарналарын қайтармас үшін деректерді алдын ала салыстыру түрінде көмек алуға;
4) ерікті кәсіби зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі арқылы қызметкерлерді мадақтау мүмкіндігін алуға;
5) МТ-102 форматының тізімін қалыптастыру бойынша тұрақты жаңартылатын меншікті бағдарламалық қамтамасыз етуді алуға.
Қаржылық топтың қызмет көрсетулері
«Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ» АҚ салымшысы бола отырып, жеке тұлға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Халық лизинг» АҚ, «Халық финанс», «Казахинстрах» АҚ қызмет көрсетулерін жеңілдік талаптармен алуға құқығы бар.



